Біздің ұжым

Мұғалім адамзат өркениетінде бірегей рөл атқарып келді және әлі де атқарып келеді. Ол, шын мәнінде, өркениетті төртінші өлшемде – уақыт кеңістігінде біріктіріп, бекітетін байланыстырушы буын қызметін атқарады. Дәл мұғалім адамзат жинақтаған білім мен білікті өз бойына сіңіріп, оны әрбір келесі ұрпаққа жеткізеді. Тек білімді ғана емес, сонымен қатар дүниетанымды, әлемді қабылдау көзқарасын, ойлау тәсілдерін, ұлттың рухын, адами құндылықтарды, мәдениетті және тағы да көптеген маңызды ұғымдарды береді.Мұғалімдер – әрбір жаңа ұрпаққа ата-баба буындарының жетістіктері мен аманаттарын табыстап, болашаққа жол ашатын жандар. Менің берік сенімім – мұғалімнің мәртебесін көтермей, оған деген құрметті арттырмай және оның қиын да абыройлы еңбегіне лайықты жағдай жасамай, біз елеулі мақсаттарға жете алмаймыз. Мұның орнын ешқандай жаңа технологиялар, әдістемелер, тәсілдер немесе модельдер алмастыра алмайды.