Балалардың құқықтарын қорғау

Балаларды қорғау – балалардың құқықтық жағдайын айқындайтын нормативтік құжаттарды әзірлеу негізінде олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі; балалар еңбегін заңнамалық тұрғыдан реттеу; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты қорғаншылық, қамқоршылық және асырап алу жүйесін жетілдіру; тиісті көмекке мұқтаж балалармен түзету және оңалту жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған әлеуметтік қызметтер мен мекемелер желісін құру.
Балалардың және балалы отбасылардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.