Прием в первый класс

❗️ Бірінші сыныпқа түсетін балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі. № 13 НОМ алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Өтініш беру «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады egov.kz немесе «SAKURA: электрондық мектеп» электрондық порталы арқылы (https://int.school.kst-goo.e-orda.kz).
Қызмет көрсету мерзімі — бір жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезден бастап. Құжаттар тізімі:
1. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке басын анықтау үшін қажет)
2. 3х4 см баланың суреті
3. № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
4. № 026/у-3 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
5. ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда). Қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
* ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауын анықтау;
* ұсынылған құжаттардың білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
* сынып жиынтықтарының толып кетуі.
Барлық сұрақтар бойынша№13 НОМ қабылдау бөлмесіне 74-31-73 телефоны бойынша хабарласуға болады.