
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №13 негізгі орта мектебі» КММ 22.09.2023 ж. бастап 02.10.2023 ж. дейін бос лауазымдарға конкурс жариялайды
информатика мұғалімі– 1 мөлшерлеме
Тарих мұғалімі — 0.5 мөлшерлеме
Конкурсқа қатысатын педагогтерге қойылатын талаптар: пән бойынша жоғары немесе арнаулы орта педагогикалық білім, коммуникабельділік, жауапкершілік.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мектеп кеңсесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі — ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) ұзақтығы кемінде 15 минут, ең төменгі рұқсатымен-720х480 өтілі жоқ кандидат үшін бейнепрезентация.
Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Біздің мекен-жайымыз: Қостанай қ., Гастелло көшесі, 15/3. Тел. 87751434758, ossh13@kst-goo.kz